Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Атамекен» туристік салада санитарлық талаптың сақталуы бойынша жауапкершікті бекітуді ұсынды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 17:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы туристік салада санитарлық талаптардың сақталуы бойынша бизнес, билік пен халықтың жауапкершілігін нақты бекітуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз санитарлық талаптардың сақталуы бойынша бизнес, билік пен халықтың жауапкершілігін нақты бекітуді ұсынамыз. Яғни егер қоғамдық аумақта індет шықса дәрігер бекіткен санитарлық нормаларды жауапкершілікпен орындап жүрген бизнес субъектісі зардап шекпеуі керек», - деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева туристік сала мәселелері бойынша өткізілген онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша қазіргі таңда мұндай тәжірибе Ақмола облысында іске асырылып жатыр.

«Ақмола облысында біз бұл бағытта жұмысты бастап та кеттік. Қоғамдық жағажайлар жабылғанымен, бизнес субъектілеріне қарасты жағажайлар жұмысын жалғастырып жатыр. Олар тұрақты мониторинг бақылауында. Яғни егер нормалардың бәрі де сақталып тұрса болғаны. Жалпы бұл тәжірибені жағажай бойынша ғана емес, барлық салада іске жаратуға болады. Біз бұл мәселені бұрын да қаузадық. Әйтсе де бұл жұмыс тек Ақмола облысында іске асырылды», - деді Юлия Якупбаева.



Жоғары қарай