Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Астананың Нұр-Сұлтан аталуын ауыл жұртшылығы қолдайды

2019 жылдың 24 наурыз 2019 18:14

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарқаралы ауданы Қайнарбұлақ ауылындағы «Аппаз» шаруа қожалығының ұжымы Астана қаласының Нұр-Сұлтан деп аталуын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы қиын кезеңдерде елімізді тығырықтан алып шығып, дамудың дара жолын көрсетті. Игі бастамалардың басында болып, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып, тұрақты дамуды қамтамасыз ете білді. Еліміз үшін, халқымыз үшін Елбасының орны қашанда ерекше. Елбасы үнемі ауыл мәселесіне зор көңіл бөлді. Ауылды жаңғыртып, кәсібімізді дамытуға мүмкіндік туғызды. Осы жылдар ішінде келешегін болжай білген Елбасы еліміздің ауылшаруашылық саласын әлемнің ең озық мемлекеттерінің табысымен бәсекелесе алатындай етті. Біз сияқты шаруа адамдарына қаншама жеңілдіктер, қолдаулар жасалуда. Ауылда білім мен мәдениет ошақтарын дамытып, балабақша, мектептер салып, олардың материалдық базасын заман талабына сай қамтамасыз етті», - делінген ұжымдық хатта.

Ауылдағы жұмыскерлер Елбасы қалыптастырған дара жолды жалғастырып, аянбай еңбек ете беретінін айтып отыр.

«Еліміздің абыройын асқақтатқан Көшбасшымыз бүгінде барлық құрметке лайық. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып дамуына, Астананың әлем картасында пайда болып, жаһанды мойындатуына Нұрсұлтан Әбішұлының зор еңбегі сіңді. Біз Астана қаласының Елбасымыздың құрметіне Нұр-Сұлтан деп аталуын бір ауыздан қолдаймыз. Бұл - тарихи дұрыс шешім. Ұрпақтарға үлкен аманат», - делінген хатта.

Жоғары қарай