Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астаналықтар пластикалық бөтелкені өткізіп қоғамдық көлік картасын толтыра алады

2021 жылдың 24 қараша 2021 00:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада пластикалық бөтелкені өткізіп, оның құнына қоғамдық көлік картасына бірлік салуға болады. Бұл туралы CTS (City Transportation Systems) ЖШС-ның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Науат Азанбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бөтелкені тапсыр да қоғамдық көлік картасын толтыр. Ендігі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігінің көлік картасын бос бөтелкені тапсыру арқылы толықтыруға болады. Көлік карталарын пайдаланушылар бөтелкелерді тапсырғаны үшін сыйақы қарастырылған, бір пластикалық бөтелкенің құны 3 теңгені құрайды», - деді аталған компания өкілі Науат Азанбаева.

Оның айтуынша, өткізілген пластикалық бөтелкелер қайта өңдеуге жіберіледі.

Елорда бойынша алғашқы бөтелке өткізу құрылғысы «Астаналық базарда» («Артем» сауда үйі) орналасқан.


Жоғары қарай