Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астанаға қазақстандық туристер мінген 5 борт ұшып келеді

2022 жылдың 9 қаңтар 2022 23:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін түнде Нұр-Сұлтан қаласына қазақстандық туристер мінген 5 борт қонады. ҚазАқпарат бұл туралы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Туристік Қамқор» қорының ақпаратынша, елордаға барлығы 5 борт қонады. Олармен БАӘ, Шри-Ланка, Үндістан және Мальдивте болған қазақстандықтар ұшып келеді. Тек Мальдивтен 500 адам келеді.

Бастапқыда туристер Алматыға оралуы керек болатын. Алайда, Алматы әуежайының жұмысы жаппай тіртіпсіздікдерден кейін қалпына келтірілген жоқ.

Ұшып келетін азаматтарды күтіп алатын туған-туыстардан коменданттық сағат тәртібін бұзбау сұралады. Себебі барлық рейстер таңға жуық қонады.


Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Ұшақ, Қоғам,
Жоғары қарай