Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанадан шығатын тағы бірқатар трасса қозғалыс үшін ашылды

2021 жылдың 13 қаңтар 2021 07:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының жақсаруына байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын тағы бірнеше автожол қозғалыс үшін ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Smart Astana Telegram-каналының ақпаратына сәйкес, 13 қаңтар сағат 06.00-ден бастап республикалық маңыздағы:

- «Нұр-Сұлтан қаласы – Теміртау қаласы» (Екатеринбург – Алматы жолының 1291-1426 шақырым аралығы);

- «Нұр-Сұлтан – Павлодар облысының шекарасы» (Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті жолының 16 – 200 шақырым аралығы) трассалары қайта ашылды.

Сондай-ақ сағат 06.15-тен бастап республикалық маңыздағы:

- «Қабанбай батыр ауылы – Қарағанды облысының шекарасы» (Нұр-Сұлтан қаласы – Қабанбай батыр ауылы – Киевка ауылы – Теміртау қаласы автожолының 36-51 шақырым аралығы) автожолында барлық көлік түрі үшін қозғалысқа қайта рұқсат берілді.

Бұған дейін елордадан Қорғалжын ауданы және Щучинск қаласына баратын екі автожол қозғалыс үшін ашылған болатын.

Еске сала кетсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді.

Сондай-ақ Қарағанды облысының аумағында барлық ішкі бағыт бойынша трассалар жабылды. Б ұрқасыннан Нұр-Сұлтан – Теміртау күре жолында 15 көлік соқтығысты , бір адам зардап шекті.

Синоптиктер 13 қаңтар күні 7 өңірде ауа райы қайта бұзылатынын болжап отыр.




Жоғары қарай