Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астанадағы «Еуропалық» тұрғын үй кешенінен шыққан өрт сөндірілді

2021 жылдың 19 қараша 2021 16:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Еуропалық» тұрғын үй кешенінен шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін 18 қабатты «Еуропалық» тұрғын үй кешенінің №1 кіреберісіндегі 10 мен 14 қабат аралығында электр кабельдері тартылған шахтаның жанып жатқанын жазған едік. Өрт бір сағатқа жуық уақыттан кейін сөндірілді.

«10 мен 18 қабат аралығында электр кабельдері тартылған шахтаның 25 метрі жанған. Сағат 16.14-те өрттің беті қайтарылып, сағат 16.17-де толығымен сөндірілді. Елорданың өрт сөндіру қызметінің мамандары 6 адамды, оның ішінде 5 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Айта кетейік, өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 22 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылған.


Жоғары қарай