Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Астанадағы ЭКСПО-ның бірінші жүлдесі Қытай сәулетшісіне берілді

2017 жылдың 4 желтоқсан 2017 09:05

АСТАНА. ҚазАқпарат -Бейжіңде G-GLOBAL халықаралық хатшылығының (Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған платформа) тұрақты хатшысы Сергей Якушевич Астанадағы EXPO-2017-нің бірінші жүлдесін тапсырды. Жүлде қытай сәулетшісі Шу Юнға «Жібек жолының алтын көпірі» скульптурасы үшін берілді, деп жазады Синьхуа.

Ашық көк түсті фарфордағы «Жібек жолының алтын көпірі» скульптурасының нұсқасы «Белдеу және жол» бастамасының көркемдік тұжырымдамасы және Астанада өткен 2017 жылғы дүниежүзілік көрменің бірегей жәдігері атанды.

Қытайдың өнер қайраткері Шу Юн жібектен «Белдеу және жол» бойында орналасқан елдердің ұлттық гүлдерін жасап, жасанды кәріптастан салынған кірпіштерге орналастырған. Кейін оны Чжаочжоудағы танымал Қытай көпірінің үлгісі бойынша «Жібек жолының алтын көпірін» құрастырған.



null

Көпірдің ұзындығы 28 метр. Мүсін Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасын әртүрлі елдермен ортақтасып іске асыруға және бір тағдыр, ортақ мүдделер мен жалпы жауапкершілікке ие жаһандық қауымдастықты құруға ниетті екендігін білдіреді.

Сергей Якушевич Шу Юнға арнайы марапатты табыстай отырып, «Жібек жолының алтын көпірі» скульптурасының әлемдік даму үшін «Белдеу және жол» бастамасының оңтайлы мағынасын бейнелеп, тағдыры бір қоғамдастықтың керемет тұжырымдамасын көрсете білгенін атап өтті.




null

Жоғары қарай