Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада вакциналанғандар арасында Мальдивке екі жолдама ойнатылады

2021 жылдың 25 қазан 2021 21:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакциналанғандар арасында Мальдив аралдарына екі адамға жолдама және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады. ҚазАқпарат бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұтыс ойынына 25 қазан мен 25 желтоқсан аралығында (25 желтоқсанды қоса алғанда) вакцинаның 1-ші компонентін алған азаматтар қатыса алады. Екпені қаланың кез келген вакцинация пунктінен алуға болады.

«Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде өтеді, азаматтарға құжаттарды толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Мальдивке екі адамға арналған жолдаманың және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) тікелей эфирінде өтеді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін елорда әкімдігі демеушілермен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакциналанғандар арасында екі бөлмелі пәтер, автокөлік, 20-дан астам iPhone12, тұрмыстық техника және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатқан болатын.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакциналанғандардың ID генерациясы арқылы таңдайды.


Жоғары қарай