Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астанада соңғы қоңыраудан кейін бір топ оқушы үй жалдап, мектеп бітіргенін атап өткен

2022 жылдың 27 мамыр 2022 11:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда соңғы қоңырауды атап өткен 96 кәмелетке толмаған жасөспірім полицияға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі күн бұрын елорда аумағында соңғы қоңырау іс-шарасы өтті.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың заңды өкілінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде жүруіне жол бермеу мақсатында жергілікті рейд жүрді.

Тәртіп сақшылары аулаларды, саябақтарды, скверлерді және басқа да жастар шоғырланған жерлерді тексерді.

Тексеру барысында сағат 00.56 шамасында Сарыарқа ауданының ювеналды полиция қызметкерлері Бабатайұлы көшесіндегі жеке тұрғын үйді анықтады.

Онда шамамен 10 адам болған, оның ішінде жетеуі кәмелетке толмаған мектеп бітіруші түлек екені белгілі болды.

Мән-жайды анықтау үшін бүкіл көңіл көтерушілер полиция басқармасына жеткізілді.

Олар - 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер болып шықты.

Жастар үйді бір тәулікке жалға алып, мектеп бітіргенін атап өткен.

Полиция басқармасына кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері де шақырылды.

Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Балалардың түнгі уақытта жалғыз жүруіне жол бергені үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ата-аналарға бала тәрбиесі бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Айта кетейік, кәмелет жасына толмағандарға түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде сағат 22:00-ден сағат 6:00-ге дейін, ал заңды өкілінсіз үйден тыс жерде сағат 23:00-ден сағат 6:00-ге дейін болуға тыйым салынған.


Жоғары қарай