Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада сауда ойын-сауық орталықтарына сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат берілді

2020 жылдың 27 қараша 2020 08:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада сауда нысандарының жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева хабарлағандай, енді қаулыға сәйкес сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық және азық-түлік сатпайтын базарлар сенбі күндері де жұмыс істей алады.

«20 қараша күні Нұр-Сұлтанда № 248 карантиндік шаралар туралы жаңа қаулы шықты, оған сәйкес маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, термометрия, антисептиктер мен санитайзерлердің болуы шарт. СОО, сауда үйлері мен орталықтарының, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді. Енді аталған сауда нысандары сенбі күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бірақ мониторингтік топтар карантин және шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, сенбі күндері оларға жұмыс істеуге тыйым салынады. Жексенбі күндері бұрынғыша барлығы жабық болады. Жұмыс күндері сауда нысандары кесте бойынша 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді», - деді Жанна Пірәлиева.

Сауда объектілерінде орналасқан сұлулық салондары, ателье, химиялық тазалау, шаштараз, аяқ киім жөндеу шеберханасы сияқты қосымша қызметтер үшін жаңа кесте енгізілді. Бұл бизнес субъектілері сенбі және жексенбі күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей алады.




«Егер демалыс күндері СОО-да тек супермаркеттер мен дәріханалар ашылса, енді оларға қосымша қызмет көрсететін шағын бизнес субъектілері де қосылады», - деп түсіндірді елорданың бас санитарлық дәрігері.

Бұл ретте сауда объектілеріне келушілер ғимараттың 30%-ын ғана толтыруы керек, яғни бір келушіге төрт шаршы метр тиесілі болуы тиіс. Бұл норманы ғимарат әкімшілігі де, жалға алушылар да қадағалап отыруы керек. Егер адамдар көп болса, олар адамдар ағынын шектеуі керек.

Клиенттер үшін маска тағу және қашықтық сақтау талабы сақталады. Оларды бұзған жағдайда, жеке тұлғалар жауапқа тартылады.











Жоғары қарай