Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада нан бағасын тұрақтандыру үшін 10 мың тонна ұн сатып алынады

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 22:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру үшін 10 мың тонна ұн сатып алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру үшін 10 мың тонна ұн сатып алынады. Қала әкімдігі жанындағы комиссия отырысында жеңілдікпен несиелендіру аясында «Жайма» МТС» ЖШС және «Төңкеріс» ХПП» ЖШС-мен шарттар жасалды.

Жаңа қарыздар бойынша 10 мың тонна ұнға, осы жылдың соңына дейін 5 мың тонна ұнға бағаны тұрақтандыру жоспарланып отыр.

Қарыздар «әлеуметтік нанға», яғни бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасын тұрақтандыруға көмектеседі.

Осылайша, ұн қаланың ірі наубайханаларына бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасын тұрақтандыру үшін жеткізіледі: «Карунд» ЖШС – 100 сату нүктесі, «Халық нан» ЖК – 500 сату нүктесі, «Шах» ЖК – 1000 сату нүктесі, «Столичный хлеб» ЖШС – 1200 өткізу нүктесі, «Хлебный край» ЖК – Магнум супермаркетінің барлық дүкендері, үй жанындағы 40 дүкен және т.б.

Қазір шарттар жасалды, кепілдікті қамтамасыз етуді рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында елорда әкімдігі «айналым тетігі» жобасы, тұрақтандыру қорын қалыптастыру, маусымдық жәрмеңкелер өткізу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Биыл «айналым тетігі» жобасы жалғасуда. Жобаға қатысушылардың саны кеңейтілді, сондай-ақ сауда желілеріне азық-түлік сатып алуға бөлінетін сома ұлғайды.

Сауда желілеріне қосымша 2 млрд 700 млн теңге бөлінеді.

«Айналым тетігі» жобасына «Magnum», «Анвар», «Астықжан», «Кенмарт», «Вкусмарт», «Аян», «Ақмол», «Шапағат», «Small», «Сарыарқа» базарлары және бірқатар дүкендер қатысады.

Бакалея, көкөніс, ет және сүт өнімдеріне бірқатар өндірушілермен және жеткізушілермен шарттар жасалды, оның ішінде шамамен 14 мың тонна көкөніс бойынша келісімшарт жасалды.

Көкөністерді, ұнды, сиыр етін және т.б. қосымша сатып алу мәселесі пысықталуда.

Сондай-ақ, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу нарықтан төмен бағаны ұстап тұруға және өнімді сатуға мүмкіндік береді.

Республика өңірлерінің қатысуымен өтетін жәрмеңкелер 21 тамыздан басталып, қазан айының соңына дейін жалғасады.

Өткен жәрмеңкелерде нарықтан төмен бағамен 2 мың тоннадан астам өнім сатылды.

Сонымен қатар, тартылған инвестиция есебінен елордада 3 көтерме-тарату орталығы мен екі жылыжай кешенінің құрылысы жүріп жатыр.


Жоғары қарай