Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Астанада құрылыс қалдықтарын қайта өңдейтін кешен салынады

2020 жылдың 12 шілде 2020 20:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында қоқыс қалдықтарын жинайтын және оларды қайта өңдейтін алаң салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елорданың шеткері аймақтарына құрылыстық қоқыс заңсыз шығарылып жатыр. Бұл, экологияның нашарлауына және қоқыс тастауға рұқсат етілмеген орындар санының артуына алып келеді. Осындай фактілерге жол бермеу үшін қалада құрылыс қалдықтарын жинау және өңдеу үшін алаң құрылысы басталды. Сонымен бірге бұл «Северная гряда» карьерін одан әрі қалпына келтіруге мүмкіндік береді», - деп жазды елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында.





Қала басшысының айтуынша, бұл, бірнеше маңызды міндетті шешуге мүмкіндік береді.

«Біріншіден, құрылыс қалдықтарын жинауға арналған бір ғана орталықтандырылған орын болады. Екіншіден, алаңда кірпіш, асфальт, бетон сияқты құрылыс қалдықтарын қайта өңдеуге арналған ұсақтау кешенін орнату жоспарланған. Бұл, шикізаттың бір бөлігін қайта пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қалдықтарды кәдеге жарату процесін жеңілдетеді. Үшіншіден, қайта өңделген құрылыс қалдықтарын карьерді қалпына келтіру үшін де пайдалануға болады», - деді А.Көлгінов.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елді мекендер маңындағы қоқыс үйіндісі мәселесін шешуді тапсырған болатын.








Жоғары қарай