Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астанада Корей мәдени апталығы өтіп жатыр

2022 жылдың 14 сәуір 2022 22:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Корей мәдени орталығы қазақстандықтар үшін «Корей мәдениеті сіздермен бірге» атты жаңа бағдарламаны бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Корей мәдениетінің апталығы» аясында Қазақстан халықаралық лингвистикалық колледж (KILC) ұйымымен бірге өткізілген шараға шамамен 100-ге жуық адам қатысты. Бағдарламада «чогачип» қолөнерін (төбесі сабан үй) жасау бойынша мастер-класс, «Кальмар ойыны» сериясынан «талгонапопги» ойыны, «тухо» корей дәстүрлі ойыны, сонымен қатар студенттік K-Pop клубымен бірге K-Pop музыкалық жанрында туындылар қойылды.




«Мен осы мерекеде көптеген адамдардың Корея мен корей мәдениетін, өнерін жақсы көретіндерін қатты сезіндім. Қазіргі кезде Қазақстан Корея арасындағы қарым-қатынас кеңейіп, дамып келеді. Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық байланыс орнағанына 30 жыл толды. Осы ретте біздің орталық Корея мен Қазақстан азаматтары арасындағы мәдени байланыстың алтын көпірі болып келе жатқанын айтқым келеді», - деді Корей орталығының директоры Ли Херан.















Жоғары қарай