Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Астанада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

2020 жылдың 30 мамыр 2020 12:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 26 мамыр күні «102» пультіне тұрғын үйлердің подъезінде баспалдақта жатқан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнын қарау барысында сол үйде тұратын 47 жастағы тұрғын аңшы мылтығынан өз-өзіне оқ атқаны анықталған.

«Ер адамның мобильдік телефонын қарау барысында өлер алдында жазып кеткен хабарламасы табылды. Қаза тапқан азамат 2019 жылдан бері ажырасқаны және соңғы уақытта жалғыз тұратындығы анықталды. Атына тіркелген «САЙГА-М2 маркалы аңшы мылтығы болған»,- делінген елордалық полиция хабарламасында.

Қылмыстық іс аясында қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Жоғары қарай