Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Астанада Қазақстанның ішкі туризмінің ресурстары, әлеуеті мен даму жолдары талқыланады

2015 жылдың 16 ақпан 2015 22:55

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясымен бірлесе отырып, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау аясында 2015 жылдың 17 ақпанында «Қазақстанның ішкі туризмінің ресурстары, әлеуеті мен даму жолдары» атты республикалық конференциясын өткізеді.

Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Іс-шараның басты мақсаты - ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу аясында ішкі туризмнің қарқынды дамуы үшін мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның әлеуетін біріктіру.

Конференция аясында Қазақстанның туристік саласындағы көкейкесті мәселелер; ішкі туризм мен экотуризмді дамыту үшін ұсыныстар әзірлеу; қонақ үй мен туристік бизнес үшін ең жақсы идеялар бойынша конкурс жариялау; ең жақсы туристік жол бағдар бойынша конкурс жариялау және т.б. мәселелер қаралады.

Конференция жұмысына Қазақстанның әр аймағынан 70-тен аса адам, сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР инвестициялар және даму министрлігінің, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, ҰКП жергілікті өкілдері, бизнес-қоғамдастық, халықаралық және отандық сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ пен басқа да мүдделі тараптар қатысады.

Конференция аясында қатысушылар арасында бірнеше меморандумдарға қол қойылып («Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ - «Қазақстанның скауттық қозғалысын ұйымдастыру» ҚБ, «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ - «Туризм индустриясының Ұлттық ассоциациясы» ЗТБ) Қазақстанның ішкі туризмін дамытудың біртұтас алгоритмі әзірленеді деп күтілуде.

Жоғары қарай