Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада қаза тапқан құтқарушылардың құрметіне ескерткіш орнатылды

2016 жылдың 18 қазан 2016 15:48

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қазан күні Астанада Құтқарушылар күні қарсаңында қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды.

1996 жылдың ақпанында және 2010 жылдың ақпан айында болған қайғылы оқиғалар ешкімді бей-жай қалдырмайды. Өз міндеттерін орындау барысына астаналық өрт сөндіру қызметі бірнеше қызметкерінен айырылды. Олардың бейнесі (Величкин Александр Юрьевич, Винокуров Геннадий Геннадьевич, Зайцев Валерий Михайлович, Әбеев Саят Сапарбекұлы және Кәкішев Руслан Қожахметұлы) мәңгі жадымызда сақталады.




Өткен жылы мұнда ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккелерінің Даңқ аллеясы ашылған еді және азаматтық қорғаныс органдары ардагерлерінің есімдері жазылған ағаштар отырғызылды. Жыл сайын 19 қазан күні Қазақстанда Құтқарушылар күні атап өтіледі.




null


null

Басты сөздер: Азаматтық қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай