Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Астанада газ баллоны жарылып, 3 адам зардап шекті

2019 жылдың 15 наурыз 2019 18:48

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада екі қабатты ғимаратта газ баллоны жарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап хабарлайды.

«15 наурыз күні сағат 17:06 кезінде Астана ТЖ департаменті пультіне Алаш тас жолы бойындағы «МолПродуктсервис» ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында газ баллонының жарылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Сағат 17:14 шамасында өрт сөндірушілер жеткен уақытта бірінші және екінші қабат арасындағы төбе бөлігі опырылып түскендігі анықталды», - делінген таратылған мәліметте.

Белгілі болғандай, жарылыс салдарынан шамамен 300 шаршы метр аумақ жер опырылған.

«Үш адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жеке құрамнан 22 адам мен 6 арнайы техника тартылды», - делінген департамент хабарламасында.




null


null

Оқиға орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы В.Беккер, ТЖД басшысының уақытша міндетін атқарушы М.Аманбаев, Байқоңыр ауданының әкімі Е.Каналимов келіп, мән-жайды анықтауда.

Жоғары қарай