Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада бірқатар қаламаңы автобусының қозғалысы тоқтатылды

2021 жылдың 25 ақпан 2021 07:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ауа райының қолайсыздығына және жолдың жабылуына байланысты, қала маңына қатынайтын №№ 315, 316, 318 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. ҚазАқпарат бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлім етілгендей, қала маңына жүретін өзге бағдарлар кесте бойынша жұмысын жалғастыруда.

Еске салайық, бүгін ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Көкшетау қалаларында, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында бірінші ауысымдағы оқулар онлайн форматқа ауыстырылған болатын.

Синоптиктер 25-27 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде аяздар сақталатынын ескертті. Сондай-ақ жекелеген өңірде қар жауып, боран соғатыны айтылды.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Жоғары қарай