Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада автокреслосыз бала тасымалдаған 25 жүргізуші анықталды

2016 жылдың 7 қараша 2016 12:45

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада журналистер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері балаларды автокөлікте тасымалдау ережелерін бұзушылықты анықтау бойынша рейдте қатысты, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Рейд жолаушы ретінде жол көлік оқиғаларынан зардап шеккен балалардың санының артуына алаңдаулы болып отырған еліміздегі балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиеваның бастамасымен ұйымдастырылды.

2016 жылы кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен 1,2 мыңнан астам ЖКО орын алып, онда 97 бала қаза болып, 1 440 бала жарақаттанған.

Сонымен қатар, жыл басынан бері Қазақстан жолдарында балаларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін 10 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазірдің өзінде, шамамен 2 жылдан бері ережеге сәйкес, 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы тасымалдау құралынсыз көлікте алып жүруге тыйым салынса да, жергілікті полиция қызметі күн сайын осындай жол ережелерін бұзушылықтарды анықтауда.

Бүгінгі рейд нәтижесінде елорда балабақшаларына жақын маңдарда бірнеше сағат ішінде ғана 25 балаланы тасымалдау ережесін бұзушылық анықталды. Олардың барлығына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Журналистер мен қоғамдық қызметкерлердің ата-аналарға, олар неге балаларды арнайы құрылғысыз тасымалдайтыны жөніндегі сұрақтарына, көбінесе: «Бала артқы орындықта. Қыздың қасында оны ұстап отырған анасы бар. Автокреслоның қажеті қанша?» - деген дайын жауаптары болды.

Полиция қызметкерлері барлық көлік құралдарын тексеріп қана қоймай, ата-аналармен, баланы автокөлікте қалай тасымалдау керектігін айтып профилактикалық әңгімелер өткізді, жас отбасыларға тиісті жадынамалар табысталды.

«Бұл күні, мектепке дейінгі мекемелерге балаларын әкелген көптеген ата-ана жүргізушілердің балалары автоорындақты болғанын айта кету керек», делінген хабарламада.

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Заң, Көлік, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай