Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

2020 жылдың 24 қазан 2020 10:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, жәрмеңкеге «Магнум» ірі сауда желісі және ҚР Ет одағының мүшелері, сондай-ақ өңірлерден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көтерме сауда жеткізушілері қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағалар нарықтағыдан 10-15% төмен.
Қарағанды және Ақмола облыстарының шаруа қожалықтары ет және сүт өнімдерін әкелді.

Түйетауық етін Ақтөбе облысының шаруа қожалықтары ұсынуда.

Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері бірінші және жоғары сұрыптағы ұн, рапс және күнбағыс майын жеткізді.

Балды Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының омарташылары әкелді.

Көкөніс өнімдерін: қырыққабат, сәбіз, қызылша, пиязды Ақмола облысының тауар өндірушілері сатып жатыр.

Атап өтілгендей, жәрмеңке 24-25 қазан күндері өтеді. Өңірлерден азық-түлік өнімдері тікелей тауар өндірушілерден делдалсыз ұсынылуда.


























Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай