Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада антитеррористік жаттығу: Тұрғындар түсіністікпен қарауы керек

2021 жылдың 10 маусым 2021 13:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«10 маусымда сағат 17.00-ден бастап 22.00-ге дейінгі аралықта Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» Жолаушылар тасымалы өңірлік филиалының техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Гете көшесі, 7) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді», - делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штап мәліметінде.

Іс-шараның мақсаты – жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет ету, терроризм актісінің салдарын жою және азайту бойынша міндеттерді орындауына дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу әскери жағдайға барынша жақын болады. Себебі онда әртүрлі күрделі элементтер қолданылмақ.

«Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және шараға жұмылдырылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - деді ведомстводан.


Жоғары қарай