Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада алаяқ 50-ге жуық адамның атынан онлайн несие рәсімдеген

2020 жылдың 15 қыркүйек 2020 23:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері ұзақ уақыт бойы елорда тұрғындарына интернет-ресурс арқылы онлайн несие рәсімдеп жүрген 40 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқ жалған жолмен қаржы ұйымдарынан елорда тұрғындарының жеке мәліметтерін алып, онлайн қарыз рәсімдеп отырған. Ол жеке мәліметтерді пайдалана отырып зардап шеккендердің тіркеу жазбасына қол жеткізіп, кейін несие ретінде түскен ақшаны виртуалды карта және электронды әмиян арқылы шығарып алып отырған.

Осылайша тұрғындардың атына өздері білмеген несие тіркеле берген. Қазіргі уақытта алаяқтың әрекетінен 50-ге жуық тұрғынның зардап шеккені анықталды.

Полиция қызметкерлері тергеу барысында оның IP-мекенжайын анықтап, тұтқындады.

Қылмыскер тергеу изоляторына жабылды. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы (ақпараттық жүйені пайдаланушыға қатысты алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Тұлға алаяқтық үшін бірнеше рет сотталған. Кейінгі рет ол 2 жыл бұрын қамауға алынып, екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сабақ алмаған ол, қылмыс жасауын тоқтатпаған.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті тұрғындарды анонимді интернет-ресурстарда жеке мәліметтерді таратпауға және оларды мессенджер арқылы ешкімге жібермеуге шақырады.

Тексерілген, сенімді интернет-порталдарды ғана пайдаланған жөн.


Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан, Заң,
Жоғары қарай