Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада 90 медициналық волонтерді оқыту аяқталды

2020 жылдың 31 қазан 2020 01:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Волонтерлер мектебі» жобасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, жоба аясында 90 медициналық волонтер оқытылды.

«Волонтерлер мектебі» - «Қазақстанның медициналық жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылған жоба.

Бір апта ішінде 16 - 24 жас аралығындағы 90 жас алғашқы медициналық көмек көрсетуге, коммуникативті дағдыларға оқытылды және коронавирус пандемиясының жазғы толқынында ауруханаларда жұмыс істеген еріктілермен кездесті.





«Волонтерлер мектебі аясында біз үш рет онлайн-тренинг өткіздік. Тыңдаушылар коммуникативті дағдыларды игерді, Ресей мен Қырғызстандағы шетелдік әріптестерінің тәжірибесімен танысты, сонымен қатар пандемия кезінде жұмыс істеген Қазақстандағы медициналық еріктілермен және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен әңгімелесті. Тәжірибелік сабақта олар алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді – бұл қан кетуді тоқтату, күйік және жарақаты бар науқастарға күтім жасау, жүрек-өкпе реанимациясы», - деді жоба ұйымдастырушысы, «Қазақстанның медициналық жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Әлижан Тұрсынтай.

Оның айтуынша, болашақта «Волонтерлер мектебінің» курсын аяқтаған жастар ауруханалар мен емханалардағы медицина қызметкерлеріне көмекке тартылатын болады.

Қозғалысқа қосылуға ниет білдіргендердің шамамен 80% елордалық медицина колледжінің, қалғаны қаланың басқа орта арнаулы оқу орындарының студенттері.





Жоғары қарай