Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

2021 жылдың 20 сәуір 2021 16:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың 38 жастағы тұрғыны көпірден өзенге секірген қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін сағат 11.16-да « 102» пультіне «Қазақстан» СК маңындағы көпірден бір қыздың өзенге секіргені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға кезінде жақын маңда болған 38 жастағы Денис Синдеев судағы қызға көмекке ұмтылады.

«Мен сол маңда тұрғанмын. Бір кезде адамдар қыздың суға секіргенін айтып шулап кетті. Жақындағанда су бетінде жанталасып жатқан қызды көрдім. Ойланбастан сырт киімімді шешіп, өзенге қойып кеттім», - дейді астаналық тұрғын.




Құтқарушы 16 жастағы қызды жағаға шығарып, оны дәрігерлерге тапсырды.

«Қазір оның өміріне ешқандай қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Елордалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов Денис Синдеевке ерен еңбегі үшін алғыс айтып, Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті», - деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай