Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астана тұрғынының 2 көлігінде бір нөмір болған

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 14:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада 2 көлікке 1 мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бейнебақылау камералары «Тoyota RAV-4» маркалы көлікті жалған мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін таққан автомобиль ретінде тіркеді. Патрульдік полицейлер көлік құралын Ақмешіт көшесінде тоқтатты. Жүргізуші коммуналдық автотұраққа қойылған өзінің «Toyota Camry» көлігінің нөмір белгісін шешіп алып, «Тoyota RAV-4» автомобиліне таққаны анықталды. Ол аталған көлікті АҚШ-тан сатып алғанын және заңмен белгіленген тәріппен тіркеу есебіне қойып үлгермегенін айтты», - делінген ведомство ақпаратында.

Департамент мәліметінше, жүргізушінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 4-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Ол енді 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 61 260 теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Түпкілікті шешімді мамандандырылған ауданаралық әкімшік сот қабылдайды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.



Жоғары қарай