Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Астана күні қарсаңында ақмолалық полицейлер қызметтік көліктерге ие болды

2020 жылдың 3 шілде 2020 15:55

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев астана күніне орай қалалық полиция басқармалары мен аудандық бөлімдеріне су жаңа 20 қызметтік «УАЗ» және учаскелік полиция қызметкерлеріне 18 «Нива» көліктерін тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арманға айналған Нұр-Сұлтан бүгінгі таңда елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің белгісі болып, әлемдік аренада өз орынын таба білді. Бүгінгі таңда Басқала еліміздің экономикалық, саяси, мәдени өмірдің қайнаған ортасына айналып, тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын бетін жазып үлгерді. Осындай мереке қарсаңында Сіздердің мінсіз қызметтеріңіз, Отанымыздың мүддесіне деген адалдықтарыңыз үшін тағы да шынайы ризашылығымды білдіремін. Коронавирус пандемиясы кезеңінде азаматтардың денсаулығын, қауіпсіздігі мен əлеуметтік жағдайын қорғауда дәрігерлер сияқты Сіздер де өз денсаулықтарыңызды тəуекелге тігіп, өңірде қауіпті індеттің жайылуын тежеуге елеулі үлестеріңізді қосып келе жатырсыздар. Облысымыздың елді мекендерінің көшелеріндегі тəртіп пен ақмолалықтардың тыныштығы, өз қауіпсіздігіне деген сенімдері тікелей сіздерге байланысты», - деді құттықтау сөзінде Ермек Маржықпаев.





Сонымен қатар аймақ басшысы облыс әкімдігі тарапынан полиция қызметіне жасалып отырған қолдауы олардың жұмыс тиімділігі мен сапасына оң ықпал ететінін атап өтті.








Жоғары қарай