Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Astana командасы халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті

2020 жылдың 9 тамыз 2020 17:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдер мен төрт қаланың жасөспірімдері арасындағы Four Cities Friendship Chess Championship 2020 – Junior Division халықаралық шахмат онлайн матч-турнирі қазақстандық Astana командасының айқын жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

ҚШФ Гонконг, Сингапур және Малайзияның ұлттық федерацияларымен бірлесіп өткізілген турнирі 25 шілде мен 8 тамыз аралығында болды. Оған Нұр-Сұлтан, Гонконг, Сингапур мен Малайзияның командалары қатысты.

Astana шахмат командасынан өз жас санатындағы ҚР чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өнер көрсетті.

Жеңімпаздарды мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтады.

«Сіздерді халықаралық онлайн-матчтағы жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Турнир бойы біздің құраманың барлық мүшелерінің керемет дайындығы мен сенімді ойын көрсеткенін атап өткім келеді. Балалар жақсы жұмыс істеді, жинала алды, және қойылған мақсаттарды тамаша орындады», - деді министр.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай