Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

2019 жылдың 3 наурыз 2019 13:40

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хакерлік шабуылдан Астана әуежайының сайты уақытша қолжетімсіз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«2019 жылдың 3 наурызында сағат 00:37 минутта Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, сайт уақытша қолжетімсіз болды. Шабуылдың жасалғаны Талдау және кибершабуылды зерттеу орталығының WebTotem мониторингтік жүйесі арқылы анықталды», -делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, әуежай сайты таңғы 10 сағат 20 минутта қайта қалпына келтіріліп, штаттық режимде жұмыс істеді. Шабуылдың әсерінен сайттың тек онлайн-тақтайшасы ғана қолжетімсіз болды, келеңсіздік әуежайдың жұмысына кедергі келтірмеді.

Жоғары қарай