Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Астана-АЭК» ұяшықтардың апатты жағдайда ажырағанын хабарлады

2021 жылдың 29 мамыр 2021 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін таңғы сағат 04:26-да «Новая» қосалқы электр стансасының 10 кВ-тық ұяшығы апатты жағдайда ажырады. Бұл оқиға жайында «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметінің Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компания мәліметінше, электр жарығының ажырауына «Ұлттық биотехнологиялық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны балансындағы РП-200 және РП-99 қосалқы стансаларының 10 кВ-тық кабель желілерінің зақымдануы себеп болған. Соның салдарынан 8 заңды нысанға, 10 көппәтерлі тұрғын үйге және бір жеке тұрғын үйге электр энергиясын беру шектелген. Таңертеңгі сағат 08-00-де жедел-көшпелі бригада 4 көппәтерлі тұрғын үйге дизель генераторы арқылы электр энергиясын берді. Қалған нысандар өздерінің меншігінде бар дизель генераторларына қосылған.

Кабель желісінің трассасын тексеру барысында қазылған екі үңгір табылды. Сол үңгірлер арқылы кабель желісінің мыс экраны ұрланып, электр энергиясын тарату желісі істен шыққан. Қазіргі уақытта апатты-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Жоғары қарай