Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

«Астана-2005» хоккей командасы Қазақстан чемпионы атанды

2019 жылдың 23 сәуір 2019 17:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2005 жылғы балалар арасында шайбалы хоккейден «Астана-2005» командасы Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордалық Мәдениет және спорт басқармасының мәліметінше, «А» тобында 2005 жылғы балалар арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты аяқталды. Төрт турдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының №10 Шайбалы хоккейден Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерінің «Астана-2005» командасы 55 ұпай жинап, Қазақстан чемпионы атанды.


null

Өскемендік «Торпедо» командасы екінші орын алып, күміс жүлде иеленді. Олардың еншісінде 42 ұпай. Ал, Екібастұз қаласының «ПСО» командасы өскемендік қарсыласынан екі ұпай кем жинап, үшінші орынды қанағат тұтты.

№10 МБЖСМ ойыншылары үздіктер қатарынан да табылды. Маусым қорытындысы бойынша елордалық Әділ Бейсембаев «Үздік шабуылдаушы», «Торпедо» голкипері Иван Пыленок «Үздік қақпашы», ал, Екібастұз қаласының спортшысы Никита Таскаев «Үздік қорғаушы» атанды.

Айта кетейік, бұл маусым «Астана-2005» хоккей командасы үшін сәтті өтті. Елордалық хоккейшілер маусым ішінде қақпаға ең көп гол соққан - 187, ал өз қақпаларына тек 42 шайба ғана өткізген.

Еске салайық, бұған дейін 2005 жылғы балалар командасы «Б» тобында да шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алған болатын.




null


null

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай