Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Әскери қызметшілерге зейнетақыны қайта есептеу ұсынылды

2020 жылдың 29 мамыр 2020 03:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1998 жылдан кейін қызметке шақырылған және 2016 жылға дейін қызметтен босатылған әскери қызметшілерге зейнетақыны қайта есептеу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру және олардың әлеуметтік қорғалуы мәселелерін талқылауға Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамтамасыздандыру орталығы (бұдан әрі - ЗҚО) бастамашылық жасады.

Жиынға Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының басшылығы, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ІІМ мен ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар қызметтен босатылған әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы заңнамаға толықтыру мен өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Біріншіден, 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет шақырылған және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылған әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін қайта есептеу ұсынылады. Бұл ретте заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізілген төлемдерді арттыру ескерілетін болады.

Екіншіден, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстан босатылған әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдардың қызметкерлеріне зейнетақы жасына жету бойынша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындау.

Үшіншіден, тұрғын үй сатып алу немесе білім алу үшін біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинағының қалғанын пайдалану жайы көтерілді.

Қатысушылар зейнетақы саласындағы қолданыстағы заңнаманы түзетуге қатысты бойынша басқа да бірқатар ұсыныстарды қарап, барлық айтылған мәселелер бойынша бірыңғай шешімге келді.

ЗҚО-ның ақпараты бойынша, әзірленген ұсыныстар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілді.

Заң жобалау жұмыстарының жоспары бойынша ол ағымдағы жылдың қазан айында Үкіметтің қарауына енгізілетін болады.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне тұрақты негізде талдау жүргізеді. Одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар негізінде, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі де бар.

Зейнетақы жүйесін тұрақты реформалау зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіруге, қолданыстағы және бұрынғы әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге ықпал етеді.

Жоғары қарай