Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әскери госпитальдің бұрынғы бастығы қызметкер үстемеақысының жартысын өзіне алған

2020 жылдың 16 қазан 2020 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдің бұрынғы бастығы мен аталған госпитальдің бұрынғы бас медбикесіне қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы онлайн брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдің бұрынғы бастығы мен аталған госпитальдің бұрынғы бас медбикесіне қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша тергеуді бастады. Олар жұмысқа орналастырғаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін Сovid-19-ға қарсы күрестегі қызметі үшін госпиталь қызметкеріне түскен үстемеақының 50% мөлшерін құрайтын 1 млн теңге ақшалай қаражат алуда күдікке ілінді», - дейді Агенттіктің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Бигайдаров.

Оның айтуынша, 2020 жылғы 13 қазанда әскери госпитальдің бұрынғы бастығына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Іс бойынша тергеу жалғасуда.


Жоғары қарай