Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі лауазымынан кетті

2020 жылдың 10 ақпан 2020 19:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген өтінішіне орай Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды»,-делінген хабарламада.

Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған.

1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған.
2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында - «Оңтүстік» əлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.
2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2015 жылғы тамыздан бастап 2016 жылдың мамырына дейін - «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
2016 жылдың мамырынан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.
2016 жылдың маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі) болды.

2018 жылдың 10 қаңтарында Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Жоғары қарай