Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асқар Мамин Үкіметтің биылғы негізгі міндеттерін атады

2021 жылдың 21 маусым 2021 11:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметі 8 трлн теңгеге 415 инвестициялық жобаны іске асыруды көздейді. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша Үкіметтің алдында экономика өсімін 3,5-4,0 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету және 1,2 млн адамды жұмыспен қамту шараларын іске асыру міндеті тұр. Бұл халықтың нақты табысын 5 пайыз арттыруға мүмкіндік береді. Үкімет сонымен қатар 8 трлн теңгеге 415 инвестициялық жобаны іске асыруды көздеп отыр», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 200 мектеп салу және 30 медпункт ашу, 6 мың шақырым автожол жөндеу және салу, халықты ауыз сумен қалада – 98 пайыз және ауылда – 91,8 пайыз қамтамасыз ету жоспарланған.

«Агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін пайдалану үшін 1 050 шақырым каналды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл суарылатын жерлерді 78 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Премьер-Министр.


Жоғары қарай