Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

2021 жылдың 1 наурыз 2021 15:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister-ге сілтеме жасап.

Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту және орташа шешімдегі Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

«Бәйтерек» бірлескен ғарыштық зымыран кешенін («Назарбаев старты») құру жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.


Жоғары қарай