Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Асқар Мамин Нидерландыға ресми сапармен барады

2019 жылдың 28 қазан 2019 16:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 қазанда Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин Нидерланды Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - Қазақстан Үкіметі басшысының екі жақты қарым-қатынастар тарихында Нидерландыға алғашқы сапары болады», - дейді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз отырысында.

Асқар Мамин сапар барысында Нидерланды Премьер-министрі Марк Рюттенмен кездеседі.

«Келіссөздер барысында тараптар екі жақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылайды деп күтілуде», - дейді ол.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан-Голланд бизнес-форумына қатысады, бірқатар компаниялармен келіссөздер жүргізіп, инновациялық нысандарды аралайды.

Жоғары қарай