Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асқар Мамин: Экономиканың оң өсімі - жеке сектор мен өндірістік әлеуетті қолдаудың тиімділігі

2021 жылдың 12 мамыр 2021 10:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экономиканың оң өсімі - елдің жеке секторы мен өндірістік әлеуетін қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыру тиімділігінің маңызды индикаторы. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылғы қаңтар-сәуірдің қорытындысы бойынша барлық 7 негізгі макрокөрсеткіш бойынша Маңғыстау облысы мен Шымкентте өсу байқалады. 6 көрсеткіш бойынша 5 өңірде өсу тіркелді. Олар – Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары. Бес өңірде 5 көрсеткіш бойынша оң серпін байқалады. Олар – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Батыс Қазақстан облысында көрсеткіштер төмен екендігін баса айтты.

«Экономиканың оң өсімі - пандемияны тежеу, сондай-ақ елдің жеке секторы мен өндірістік әлеуетін қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыру тиімділігінің маңызды индикаторы болып саналады. Экономиканың осы қарқынын алдағы айларда сақтап, оны ұлғайту маңызды», - деді Премьер-Министр.


Жоғары қарай