Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Асқар Мамин бастаған акция аясында 1 млн астам көшет отырғызылады

2019 жылдың 2 қазан 2019 23:23

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев республикалық ағаш отырғызу акциясын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап.

Премьер-министр Асқар Мамин сəрсенбідегі Түркістан облысына жұмыс сапары барысында республикалық ағаш отырғызу акциясын бастады. Премьер-министр мен Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан қаласындағы аллеялардың біріне ағаш отырғызды.

«Осылайша, сəрсенбіде басталған республикалық акция ертең, 3 қазанда еліміздің барлық мектептерінде, содан соң, бүкіл республикада жалғасады. Экология министрлігі басшысы бұдан бұрын хабарлағандай, бұл акция шеңберінде Қазақстанда 1 млн-дай ағаш егіледі» делінген хабарламада.

Бейсенбіде Қазақстанның барлық мектебінде министрлер кабинетінің мүшелері мен əкімдер қатысатын экологиялық сағат өтеді. Содан кейін 200 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылады.

Жоғары қарай