Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асқар Мамин Ақтаудағы «Транстелеком» АҚ-ның Деректерді өңдеу орталығына барды

2021 жылдың 21 шілде 2021 20:01

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Ақтау қаласына сапары кезінде «Транстелеком» компаниясы 2 гектардан асатын жер телімінде тұрғызылған, ауданы 1664 м2 болатын Деректерді өңдеу ортылығын (ДӨО) көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ДӨО-ның құрылысы 2020 жылы басталып, 10 ай ішінде аяқталған. Құрылысқа 6,8 млрд қаражат кетті. Карантинге байланысты барлық шектерулерге қарамастан, ТТС командасы рекордтық мерзімде Ақтауды қосқанда Қазақстанның 9 қаласында Tier III деңгейіндегі барлық қауіпсіздік пен сенімділік стандарттарына сай дата орталықтар салу бойынша ірі масштабты жобаны жүзеге асыра алды.

«Заманауи ДӨО – деректермен қауіпсіз алмасуды қамтамасыз ететін цифрлық қорған. Биыл деректерді өңдеу орталықтарының өңірлік желісін дамытуды жоспарлап отырмыз. Қатысу географиясының кеңейтілуімен бірге бізге барлық нысандардың дата-орталықтардың инфрақұрылымы және оны пайдалану бөлігінде Tier III деңгейіне сәйкестігіне кепілдік беру маңызды», - деді «Транстелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Елнар Адайбеков.

Компания клиенттеріне қазірдің өзінде Ақтау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Орал, Жезқазған, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс істеп жатқан дата-орталықтардың түрлі сервистері қолжетімді. Олардың қатарында: серверлік құрылғыны орнату (colocation), бұлтты инфрақұрылым (IaaS), резервті көшіру, әкімдік ету және басқа да сервистер.











Жоғары қарай