Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Асқар Мамин әкімдерге: Биыл 200 мектептің уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етіңіздер

2021 жылдың 11 наурыз 2021 11:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Облыстардың әкімдері 2021 жылы 200 мектептің уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстардың әкімдері 2021 жылы 200 мектептің уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз етсін. Ол үшін инвесторларды белсенді тарту керек, өңірлерде жақсы мысалдары бар. Мысалы, Нұр-Сұлтанда 6 мектепті бірден салу үшін ірі инвестор тартылды. Өңірлер әкімдері қалалық және ауылдық мектептерде оқыту жағдайларының бір деңгейде болуын және ауылдық жерлерде жоғары білікті мұғалімдерді ұстап қалу бойынша нақты шаралар қабылдауы керек», - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігі мен облыстардың әкімдеріне 25 наурызға дейін 5 мың ауылдық мектепті жаңарту жөніндегі жол картасын енгізуді тапсырды.

«Онда ауылдық мектепті оқу және тиісті техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, жөндеу, қауіпсіз орта, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен мектеп асханаларын жаңарту бойынша нақты индикаторларды белгілеу қажет», - деді Премьер-Министр.


Жоғары қарай