Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі қандай

2021 жылдың 25 қыркүйек 2021 12:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес, «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған сәйкес, барлық жаңа қатысушылар үшін «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер InfoKazakhstan.kz электрондық платформасы және InfoKazakhstan-мен біріктірілген басқа да платформалық шешімдер (Аitu, Halyk Bank және басқалары) арқылы беріледі.

InfoKazakhstan.kz сайты арқылы өтінім беру үшін субъекті (объекті): заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен InfoKazakhstan.kz басты бетіне кіруі және ЭЦҚ арқылы пайдаланушының деректерін толтыруы; авторизациядан кейін «Менің өтінімдерім» қосымша беті автоматты түрде ашылады, онда «Жаңадан өтінім беру» батырмасын басуы қажет. «Жаңа өтінім» қосымша бетіне кіре отырып, кәсіпкер өтінім нысанын толтырады және QR-код алуға сұрау жібереді. QR-код алу алдында «Білім базасын» жүктеуі (кіру кезінде орналастыру үшін инфографика, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары, Ashyq жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және т. б.) және материалдармен танысуы керек.

Субъект (объект) рұқсат беру құжаттарының бар екенін және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайды. QR-код субъектіде мынадай рұқсат беру құжаттарының бірі болған кезде ғана беріледі:

- ашуға рұқсат/хабарлама (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама);

- қызметті қайта бастау бойынша санитариялық нормаларға сәйкестік актісі. Сәйкестік актісін алу тәртібі пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді.

QR-кодты алумен бір мезгілде бизнес субъектісі оның Ashyq жобасының қатысушыларына жататыны-жатпайтыны (осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеңілдіктермен жұмыс істейді) немесе ерікті қатысушы туралы хабарлама алады. QR-кодты алғаннан кейін пайдаланушының жеке кабинетінде «Күзетші режимін» (ЖСН немесе куәландырушы құжат бойынша келушінің мәртебесін тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарлама) алуға нұсқаулық көрінеді. QR-кодты алғаннан кейін Ashyq жобасының қатысушысы тестілік режимде 1 апта жұмыс істейді. Тестілік режимде 7 күн жұмыс істегеннен кейін «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктерге беріледі және бір күн ішінде әкімдіктің сайтында орналастырылады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Карантин, Коронавирус,
Жоғары қарай