Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ashyq» жобасы үшін ПТР тест тапсыру қажет пе

2021 жылдың 5 наурыз 2021 16:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда пилоттық режимде «Ashyq» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq» жобасы QR кодын пайдалану арқылы мекемеге келушілердің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді.

Мекемеге келген сайын ПТР тест тапсыру, тапсырмау қажеттілігі туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

«ПТР тест тапсырудың қажеті жоқ. Оны үш күн сайын тапсыра да алмайсыз. Егер ПТР тест тапсырсаңыз, онда қорғалдыңыз, сізге жасыл түс мәртебесі беріледі. ПТР тесті қайта қайта тапсыру міндетті емес. Егер сіз «қызыл» мәліметтер базасында болсаңыз, ол - жұқтырған адам, ал «сары» - жұқтырған адаммен байланыс болған деген сөз. Осы екі түс ең қауіпті және олар оқшаулануы тиіс. Біздің міндетіміз - олардың қоғамдық нысандарға кіруіне жол бермеу», - деді Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, ПТР тест түрлі жарысқа қатысушылар мен басқа елге ұшқысы келетіндер үшін берілуі керек.

«Кейбір спорттық іс-шараларда, бәсекенің басталуына екі күн қалғанда жарысқа қатысушы ПТР тестін тапсыруы керек деп алгоритмде жазылған. Ал шетелге ұшқанда әуежайға барасыз. Онда сізден ПТР тест талап етеді», - деді спикер.


Жоғары қарай