Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ashyq» жобасы Алматыға 1 аптада «қызыл» мәртебесі бар қанша адам келгенін анықтады

2021 жылдың 27 сәуір 2021 18:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда бір аптада «сары» және «қызыл» мәртебесі бар 116 келуші анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтуар Қошмамбетов жобаны іске асыру барысында ол өзінің тиімділігін дәлелдеп, қазіргі уақытта кәсіпкерлерге қатаң шектеу шараларын қолданбай жұмыс істеуге мүмкіндік беріп жатқанын айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, пилоттық жобаға қатысушыларға эпидемиологиялық жағдайдың төмен тұрған аймағының жұмысын шектеу критерийлеріне сәйкес жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Мысалы «қызыл» аймақта пилоттық жобаға қатысатын бизнес объектілері «сары» аймақ критерийлері бойынша, «сары» аймақта «жасыл» аймақ критерийлері бойынша жұмыс істейді», - деді ол.

27 сәуірдегі жағдай бойынша «ASHYQ» қосымшасын 402 256 қолданушы пайдаланатыны белгілі болды. 19 сәуірдегі нәтижелермен салыстырғанда, яғни бір апта ішінде қосымшаны пайдаланушылар саны 167 256 көбейген.

«12 сәуірден бастап республика бойынша «қызыл» мәртебесі бар 849 адам, «сары» мәртебесі бар 419 келуші осы қосымша арқылы анықталды. Бұл 19 сәуірдегі нәтижелермен салыстырғанда 574 келушіге көп. Соңғы бір апта ішінде Алматы қаласы бойынша «сары» және «қызыл» мәртебесі бар 116 келуші анықталды, - деді Айтуар Қошмамбетов.

26 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «қызыл» мәртебемен – 25 келуші, «сары» мәртебемен – 54 келуші, Алматы қаласы бойынша «қызыл» мәртебемен – 9 келуші, «сары» мәртебемен – 8 келуші анықталған.

Оның айтуынша, «ASHYQ» пилоттық жобасына қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлер саны күн сайын артып келеді. Сондай-ақ, қаржы ұйымдарынан, жоғары оқу орындарынан, ірі компаниялардың кеңселерінен жоба қатысушыларына тиесілі жеңілдіктерсіз қосымшаны орнату мүмкіндігін қарастыру жөнінде өтініштер түсуде.


Жоғары қарай