Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ashyq: ШҚО-да «қызыл» мәртебесі бар тұрғындар ХҚО-ға кірмек болған

2021 жылдың 17 маусым 2021 17:53

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «қызыл» мәртебесі бар бірнеше тұрғын ХҚО-ға кірмек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 14 маусымнан бастап еліміздегі ХҚО-лар келушілерді Ashyq қосымшасы арқылы қабылдап жатыр.

Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар азаматтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз ала алады.

Ал «сары» немесе «қызыл» мәртебесі барлар орталыққа кіргізілмейді.

«Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстандағы ХҚО-лар Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істеуде. Жоба қосылғанның бірінші күнінде ғана-ақ қызыл немесе сары мәртебесі бар 20-дан астам адам анықталды. Оларға мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді», - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚОФ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы 11 нысан Ashyq жобасынан шығарылғанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай