Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ashyq: Елорда әуежайында 50-ге жуық жолаушы Терминалға жіберілмеді

2021 жылдың 14 мамыр 2021 15:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әуежайында «сары» мәртебесі бар 23 жолаушыны, «қызыл» мәртебесі бар 24 жолаушыны анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайыне сілтеме жасап хабарлайды.

Ashyq жобасын іске асырудың алғашқы үш күнінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері «сары» мәртебесі бар 23 жолаушыны, «қызыл» мәртебесі бар 24 жолаушыны анықтады. Алгоритмге сәйкес, «қызыл» мәртебесі бар жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланып, содан кейін ауруханаға жатқызылды.

Айта кетсе, 12 мамырдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы толыққанды іске қосылды. Біз барлық жолаушыларға (ұшып шығатын) әуежайға келмес бұрын қосымшаны жүктеп алып, өздерінің мәртебесін тексеру керек екенін ескерткіміз келеді. Терминал ғимаратына «сары» және «қызыл» мәртебесі бар жолаушылар жіберілмейді. Рейске жіберілмеген жағдайда қаражатты қайтару жөніндегі мәселелерді әуекомпанияға жолдаған жөн.

Ashyq қосымшасындағы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграция арқылы келеді және жолаушының қазіргі уақытта вирустың тасымалдаушысы болып табылмайтындығын анықтайды.

Кідіріс жасамау үшін қосымшаны алдын-ала орнатып, мәртебеңізді алдын-ала білуіңіз керек. «Әуежай қызметкерлерінің айлақ ғимаратына кіре берісте планшеттері бар. Смартфондары жоқ жолаушылар өз ЖСН-ін қызметкерлердің планшетіне енгізіп, өз мәртебесін біле алады. ЖСН жоқ шетелдік жолаушыларға келетін болсақ, олар өздерінің мәртебесін әуежай қызметкерлерінің планшетіне төлқұжат нөмірін арқылы тексере алады.

Еске салсақ, Ashyq қосымшасы іске қосылғаннан бері Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келген 10 мың адамның мәртебесі анықталған.



Жоғары қарай