Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

АШМ жер қатынастары саласын цифрландыру жөніндегі заң жобасын Мәжіліске енгізбек

2020 жылдың 14 шілде 2020 12:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрлігі осы жылдың қыркүйегіне дейін жер қатынастары саласын цифрландыру жөніндегі заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізгелі отыр.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жер мәселелеріне қатысты әлемдік тәжірибеге талдау жасалды. Кеңінен талқылауға шығарылатын бірқатар ұсыныс әзірленді. 4 өңірде, атап айтқанда Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында ғарыштық мониторинг бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Пилоттық жобаның бірінші кезеңі, жайылымдық алқаптар бойынша аяқталды. Екінші кезең жыртылған жерлер бойынша басталды. Ол жыл соңына дейін аяқталатын болады», - деді Сапархан Омаров.

Министрдің айтуынша, жер қатынастары саласын цифрландыру жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасы әзірленген. Ол жер учаскелерін электрондық форматта тікелей ұсынуды көздейді. Талқылау аяқталғаннан кейін заң жобасы осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін Парламент Мәжілісіне енгізіледі.

«Жекелеген шектеулерді сақтау мүмкіндігі жағдайында егін жинауды қамтамасыз ету мақсатында биыл көктемде сынақтан өткен Жұмыс алгоритмі іске қосылатын болады. Бұл алгоритмге фермерлердің бөгетсіз жүріп-тұруы, жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектерді жеткізуі, сондай-ақ электрондық түрдегі және қағаз форматтағы арнайы рұқсаттары кіреді», - деді ол.


Жоғары қарай