Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әшкеев пен Нұрсұлтанов WBC белдіктері үшін жекпе-жектер өткізеді

2019 жылдың 1 қазан 2019 18:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Мадияр Әшкеев (13-0, 6КО) пен Мейірім Нұрсұлтанов (12-0, 8КО) WBC белдіктері үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» аккаунты ВКонтакте әлеуметтік желісінде мәлім еткендей, Мадияр Әшкеев Калифорния штатында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді. Ол WBC нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы белдігі үшін 21 мәрте жеңіске жеткен Клеотис Пендарвиспен (21-5-2, 9КО) жұдырық түйістіреді. Айқас 9 қарашада Гавайан Гарденс қаласында өтеді.

BoxRec.com ақпаратына сүйенсек, 33 жастағы Клеотис Пендарвиспен айқаста WBC нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы титул сарапқа салынады. Соңғы айқасын Мадияр Әшкеев 5 шілдеде украиналық Игорь Фаниянға қарсы өткізіп, жеңіс тұғырынан көрінген еді. Ал Пендарвис өзінің соңғы жекпе-жегінде Абель Санчестің шәкірті украиналық Сергей Богачукке (15-0, 15КО) есе жіберген.

Ал қазақстандық тағы бір кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Жәнібек Әлімханұлының бұрынғы қарсыласы мексикалық Кристиан Оливаспен (16-5, 13КО) кездеседі.

BoxRec.com ақпаратына сай, 27 жастағы мексикалық отандасымызбен орта салмақта WBC (USNBC) нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы атағы үшін бақ сынаспақ. Айқас 10 раундқа есептелген. Айта кетсек, Мейірім Нұрсұлтанов Канело-Ковалев айқасының андеркартында жекпе-жекке шығатыны бұған дейін хабарланған болатын.

Оливас осы жылдың 12 сәуірінде Жәнібек Әлімханұлымен (7-0, 3КО) шығып, есе жіберген еді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Сот,
Жоғары қарай