Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асхат Садырбай: Сайлау – қоғамдық және саяси процестердің болжамдық деңгейін арттырады

2020 жылдың 21 қазан 2020 13:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Team Qazaqstan» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тележурналист Асхат Садырбай Мемлекет басшысының бүгін жолдаған үндеуіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Парламент және мәслихат депуттаттарын сайлау жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұл – еліміздегі қоғамдық және саяси процестердің болжамдық деңгейін арттыратыны сөзсіз. Сонымен қатар, өзім құрамына енетін Ұлттық кеңестің аясында Президент ұсынған осы саяси реформаларының бірінші пакеті өзінің нәтижесін беру керек деп ойлаймын. Одан кейін осы іс-шаралар аясында мәслихаттардың қатары 30 пайыздық квота арқылы жастар мен әйелдермен толығатыны қуантады»,– дейді Асхат Садырбай.

Сонымен қатар, ол жастар мен әйелдердің жоғары деңгейде белсенділік танытып жатқанын атап өтті.

«Мен «Nur Otan» праймеризіне қатыстым. Ол жерде жастар мен әйелдердің белсенділігін көрдім және қуандым. Бұл бұрын-соңды болмаған дүние. Мұндай белсенділік қалалық жерде ғана емес, аудандық, ауылдық жерлерде де байқалды. Демек, саяси процесске жаңа леп әкеледі деген сөз. Сайлаудан жақсы нәтижие күтеміз»,– деді ол.


Жоғары қарай