Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

2020 жылдың 13 шілде 2020 11:47

НҰР–СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады.

2013-2016 жж. — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Протокол бөлімінің аға маманы.

2014 жылдан 2016 жыл аралығында — «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалының төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 жж. — «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а.

2017-2018 жж. — «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы.

2018 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін — ҚР Дін және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры.

2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасының орынбасары болып еңбек етті.

2019 жылдың сәуір айынан қазірге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне кірген.
Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Тағайындау,
Жоғары қарай