Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Асхат Аймағамбетов Үкіметтен әр облыстан программалау мектебін ашып беруді сұрады

2020 жылдың 30 маусым 2020 10:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкіметтен әр облыста программалау мектептерін ашып беруді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қосымша білім деңгейі бойынша айтып өтсем: Оқушылар сарайларында 560-тан астам балалар технопаркі мен робот техникасы кабинеті ашылды. Сабақтан тыс үйірмелерде балалар робот программалауды, 3D-printing оқып үйренуде. Дегенмен бұларды әлі жеткіліксіз деп есептеймін. «Алем», «Квант» секілді алдыңғы қатарлы мектептердің үлгісі бойынша арнайы программалау мектептерін әр облыста ашу бойынша әкімдерге тапсырма беруіңізді сұраймын», - деді Асқар Маминнің қатысуымен өткен Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі.

Сонымен бірге министр педагогтер де IT сауатын арттыру курстарынан өтетінін мәлім етті. Оның айтуынша, IT пәнінен сабақ беретін ұстаздардың робот техникасы мен программалауды меңгеруі маңызды.


Жоғары қарай